top of page
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ

«Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС

Келісімшарт негізінде

өзге ұйымдар мен жеке адамдарға көрсететін

қызмет түрлері:

●Республиканың мақта өсіретін түрлі аймақ топырақтарына кешенді зерттеулер жүргізу.

● Топырақтағы қоректік заттар мен қарашірінді мөлшерін анықтау (азот, фосфор, калий).

● Мақта алқаптарында минералды тыңайтқыштарды іс жүзінде қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеу.

● Топырақтағы ауыр металдар иондарының мөлшерін көлемдік және сапалық жағынан анықтау бойынша талдамалар жасау.

● Топырақ-климат жағдайларына байланысты жаңа отандық ортаталшықты Мақтаарал мақта сорттарын қолдану бойынша ұсыныстар дайындау.

● Облыстағы мақта өсіретін аудандардың жер асты суларының деңгейін және минералдану дәрежесін анықтау.

● Аймақтың суармалы жерлерінің мелиоративтік жағдайын жақсартудың агротехникалық шараларын жасау.

● Қоза баптаудың суүнемдеу технологиясын қолдану бойынша ұсыныстар дайындау.

● Жаңа мақта сорттары мен тиімді қысқа танапты мақта ауыспалы егістері қолданылған жаңа технологияларды өндіріске ендіру бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

● Бәсекеге қабілетті отандық мақта, бақша және көп жылдық өсімдік сорттарының түпнұсқалық, элиталық және репродуктивтік тұқымдарын өндіру және сату.

● Республиканың элиталық тұқым шаруашылықтарын мақта қозасының отандық сорттарының жоғары сапалы түпнұсқалық элиталық тұқымдарымен қамтамасыз ету.

● Мақтаның жаңа және келешектік сортарын әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларда экологиялық сынақтау.

● Мақта алқаптарында инсектицид, гербицид, дефолиант, десикант, өсімдік бойын реттегіштер, тұқым дәрілегіштерді және биопрепараттарды тіркемелік және өндірістік сынақтан өткізу.

● Шаруа қожалықтарына мақта қозасының аурулары, зиянкестері мен арамшөптеріне қарсы пайдаланылатын жаңа химиялық препараттарды тиімді қолдануда әдістемелік көмек көрсету.

● Мақта талшығының технологиялық сапасын анықтау.

● Мақта өнімінің Мемлекеттік стандарттарын әзірлеу және оларды халықаралық стандарттармен үйлестіру.

● Республикамыздың мақта өсіретін шаруа қожалықтары басшыларын оқыту және біліктілігін арттыру.

● Ғылыми-зерттеу нәтижелерін өндіріске ендіру бойынша кеңес, семинар және конференциялар өткізу.

● Шитті мақтаны қайта өңдеу, мақта тұқымын түксіздендіру және дәрілеу бойынша қызметтер. 

● Екі қабатты айналмалы соқамен жер жырту, алқапты лазерлі тегістеу, дәнді дақылдардың жиын-терімі бойынша қызметтер.

Хабарландырулар

Қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алуға үміткер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 31 наурыз 2011 жылы №128 бұйрығымен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің м.а. 9 қаңтар 2023 жылы №7 бұйрығындағы өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, ЖШС «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» Ғылыми кеңесі бөлім меңгерушісі, PhD доктор Махмаджанов Сабир Партовичтің 06.01.00 – «Агрономия» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алу үшін дайындалған анықтамасы мен ғылыми еңбектер тізімін орналастырды.

  1. Қауымдастырылған профессор атағын алуға үміткер жайлы анықтама; жүктеу 

  2. Ғылыми еңбектер тізімі, оның ішінде халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар тізімі.

 

ФАЙЛДЫ ЖҮКТЕУ

Күні: 05.07.2023 жыл.

bottom of page