top of page
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ

«Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС

Негізгі ғылыми-зерттеу әзірлемелері

Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының ғылыми зерттеу жұмыстары  жаңа отандық, бәсекеге қабілетті мақта сорттарын шығаруға, сондай-ақ агротехнология, топырақ мелиорациясы, мақта ауыспалы егіс тізбектерін жетілдіру, тыңайтқыштарды ендіру жүйесінің мәселелерін зерттеуге бағытталған.

Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының қызмет ету кезеңінде ғалымдар тарапынан бірқатар жаңа жетістіктерге қол жеткізілді, соның ішінде:

Қазақстанның мақта егілетін әр түрлі аудандарының топырақ-климаттық жағдайларына байланысты қоза баптаудың қарқынды технологиялары әзірленді.

Мақта қозасын жаңбырлатып суару және жүйектеп суару бойынша ережелерін және жер асты сулары мен топырақтың тұздану дәрежесіне қарай күзгі-қысқы суару технологиялары әзірленді.

Мақта қозасын және жоңышқаны (егіс жылында орымға дейін) ДДА-100 М (Екі консолды жаңбырлатқыш құрылғы – 100 м) жаңбырлату құрылғысының көмегімен жаңбырлатып суғарудың  жоғары тиімділігі анықталды.

Мақта қозасы өнімінің қалыптасуына әсер етуші барлық факторларды терең зерттеу негізінде қоза баптаудың жоғары тиімді суүнемдеу технологиясы жасап шығарылды.

Ортаталшықты мақтаның әртүрлі қолайсыз факторларға төзімді, өнімділікті 5-6 ц/га арттыратын, отандық, инновациялық жаңа 13 сорты шығарылды (оның 7-і аудандастырылған ПА-3031,    ПА-3044,    М-4005,  М-4007, М-4011 Память Ералиева және М-5027). Шығарылған мақта сорттары өндіріске ендіріліп, бүгінгі таңда республикамыздың жалпы мақта алқабының 89%  аумағында өсірілуде.

Бақша дақылдарының 5 сорты және көп жылдық шөптесін өсімдіктердің 3 жаңа сорты шығарылды.

Іріленген шаруа қожалықтарына арналған 9-танапты және 10-танапты қарқынды мақта-жоңышқа ауыспалы егіс тізбектері әзірленді:

-  3 : 6 (3 жыл жоңышқа : 6 жыл мақта);            

-  3 : 7 (3 жыл жоңышқа : 7 жыл мақта);            

- 3 : 4 : 1: 2 (3 жыл жоңышқа : 4 жыл мақта : 1 жыл дәнді дақылдар : 2 жыл мақта), түрлі ауыспалы егісті қолданудың экономикалық тиімділігі 3,0-5,0 ц/га.          

Кіші агроқұрылымдарға арналған 3 тиімді қысқа танапты мақта ауыспалы егіс тізбектері жетілдірілді:

-  2 : 1 (2 жыл жоңышқа : 1 жыл мақта);

-  1 : 2 (1 жыл дәнді дақыл-дән үшін жүгері, агромелиоративті алкап : 1 жыл мақта);    

- 3 : 3 (3 жыл жоңышқа : 3 жыл мақта) тізбектері топырақтың құнарлылығын көтеріп, өнімділікті гектарына 3,0-5,0 центнерге арттырады.           

Мақта қозасын баптаудың жаңа инновациялық суқорүнемдеу технологиясы әзірленді.

Оңтүстік Қазақстан жағдайында қоза баптау технологиясының экономикалық тиімділіктерін анықтау негіздері  бойынша әдістемелік жасап шығарылды.

Нарық экономикасы жағдайында ең алғаш рет мақта қозасының түпнұсқалық тұқымдарының өндірісі бойынша үшжылдық тізбегі және элиталық тұқымдары мен бірінші репродукциясы өндірісінің бесжылдық тізбегі жасап шығарылды.

Ауыспалы егіс алқабына, топырақтың мәдени ерекшеліктеріне, суару тәртібі мен тұздану дәрежесіне қарай азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдану жүйелері әзірленді және өндіріске ұсынылды.

Түркістан облысының мақта егілетін аймақтарында әр түрлі дефолианттардың ықпалды белсенділігін айқындау және олардың аудандастырылған жаңа мақта сорттарына әсері анықталды.

Мақта өнімдеріне 8 мемлекеттік стандарт жасап шығарылды:

- ҚР СТ «Шитті мақта. Сынамаларды іріктеу әдістері.»

- ҚР СТ «Шитті мақта. Ылғалдылығын анықтау әдістері»

- ҚР СТ «Шитті мақта. Қоқыстылығын анықтау әдістері»

- ҚР СТ «Шитті мақта. Сұрыпын анықтау әдістері»

- ҚР СТ «Шитті мақтаны қайта өңдеу. Терминдер мен анықтамалары»

- ҚР СТ «Шитті мақта. Тақта талшығы сипаттамаларын анықтау әдістері»

- ҚР СТ «Мақта линті. Техникалық шарттар»

- ҚР СТ «Тұқымдық шитті мақта және егілетін қоза тұқымы. Сұрыпын анықтау әдістері»

«Шитті мақтаны мақта талшығына өңдеу» технологиялық регламенті жасалды.

«Мақтаның селекциялық үлгілерінің шаруашылық-бағалы белгілерін тұрақтандыру үшін белгілердің өзгеруіне қарай іріктеу әдістемелігін пайдалану бойынша нұсқаулық» дайындалды.

«Мақтаның аудандастырылған жаңа сорттарының элиталық және репродукциялық тұқымдарын өндіру бойынша нұсқаулық» әзірленді.

Түпнұсқалық, элиталық және репродукциялық мақта тұқымы өңдірісінің техникалық регламенті жасалды.

Институт ғалымдарының барлық жетістіктері Қазақстан Республикасының мақта өсіруші агроқұрылымдарында кеңінен қолданылуда.

 

«Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС ғалымдары тарапынан 115-тен астам кітаптар, монографиялар, ұсыныс кітапшалар, әдістемелік нұсқаулықтар мен ғылыми еңбектер жинақтары жарық көрді. Қазақстанның, Ресейдің және шет елдік әртүрлі басылымдарда 1500-ден астам мақалалар жарияланды, соның ішінде соңғы 3 жылда 40-тан астам ғылыми мақала шет елдің импакт-факторлы журналдарында жарияланды.

 

​ Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы тарапынан 218 авторлық куәлік және 62 инновациялық  патент, отандық жаңа мақта, бақша және мал азықтық дақылдары сорттарының селекциялық жетістігі үшін патенттер, ауылшаруашылығы дақылдарын өсіріп баптау технологияларының әзірлемелері үшін және пайдалы үлгі үшін патенттер алынды.

Ғылыми жетістіктердің нәтижелері (2021-2023 жылдар)

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру атауы:

"Қазақстан өңірлері үшін өсірудің әртүрлі технологияларын салыстырмалы зерттеу негізінде өсіру технологиясының элементтерін, сараланған қоректендіруді, өсімдіктерді қорғау құралдарын және рентабельді өндіріске арналған техниканы қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәнді, дәнді бұршақты, майлы және техникалық дақылдарды) өсіру егіншілік жүйесін әзірлеу" ИРН BR10764908

 Іс-шараның атауы: "Түркістан облысының орташа тұздалған суармалы жерлері жағдайында Мақтаарал-4017 мақта өсірудің сорттық агротехнологиясын әзірлеу және трансфер" Зерттеудің мақсаты. Топырақты өңдеудің және биологиялық тыңайтқыштардың агромелиорациялық жүйелерін қолдана отырып, Мақтаарал – 4017 отандық мақта сортын өсірудің сорттық агротехнологиясын әзірлеу.

 

Зерттеудің мақсаты. Топырақты өңдеудің және биологиялық тыңайтқыштардың агромелиорациялық жүйелерін қолдана отырып, Мақтаарал – 4017 отандық мақта сортын өсірудің сорттық агротехнологиясын әзірлеу.

 Негізгі міндеттер:

- топырақтың агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттерінің өзгеру динамикасына лазерлік орналасу мен топырақты терең өңдеудің мелиоративтік рөлін анықтау;

- топырақтың агромелиорациясы аясында мақтаның өсуіне, дамуына және өнімділігіне биологиялық тыңайтқыштардың әсерін зерттеу;

- Топырақты өңдеудің және биологиялық тыңайтқыштардың қарқынды агромелиорациялық әдістерін қолданудың экономикалық тиімділігін салыстырмалы бағалауды анықтау.

Алынған нәтижелер:

 Түркістан облысының орташа тұзды суармалы жерлері жағдайында Мақтаарал-4017 мақта өсірудің сорттық агротехнологиясы әзірленді"

 

Түркістан облысының орташа тұзды суармалы жерлері жағдайында Мақтаарал-4017 мақта өсірудің сорттық агротехнологиясы әзірленді

 

1. Түркістан облысының орташа сортаңды суармалы жерлері жағдайында Мақтаарал – 4017 мақта дақылын өсіру бойынша зерттеулер жүргізілді.

2. Топырақты агромелиорациялаудың кешенді технологиясы (терең қопсыту және лазерлік жоспарлау), соқаның табанын бұзады, өсімдіктің тамыр аймағының агрофизикалық және агрохимиялық жағдайларын жақсартады, өсімдіктердің тамыр жүйесінің терең енуіне ықпал етеді, топырақтың тұздануын азайтады, суармалы суды үнемдейді, топырақтың біркелкі ылғалдануына және тұқымның өнуіне ықпал етеді, сонымен қатар топырақта органикалық заттардың жиналуына ықпал етеді және мақта өнімділігін арттырады.

3. Терең қопсытуды топырақты лазермен тегістеумен бірге қолданғанда топырақтың ылғалдылығы жоғарылайтыны анықталды. Топырақ ылғалдылығының көрсеткіштері 0-100 см метрлік қабатта, орташа есеппен көктемде 24,6%, ал күзде  21,1% ылғалдылық дәрежесінде анықталды, бұл бақылаумен салыстырғанда 15,8% – 21,3%-ға  ылғалдылық жоғары болғаны анықталды.

4. Сұр топырақты 55 см тереңдікте терең қопсыту және топырақты лазерлік тегістеу  технологиялары, топырақтың көлемдік салмағының жақсаруына әсер еткені анықталды. Көктемде 0-30 см қабаттағы топырақ құрамының тығыздығы 1,30 г/см3 орнықты дәрежені құрады, бұл агромелиоративтік шараларды қолданбаған нұсқалармен салыстырғанда 0,08 г/см3 дәрежеге жақсарғаны анықталды.

5. Топырақты терең қопсыту және лазерлік тегістеу жүргізілген алқаптарда, жылжымалы коректік элементтер NO3 және P2O5 түрлерінің құрамдары жоғары дәрежеде болғаны айқындалды. Топырақтағы 0-20 см  қабаттағы қоректік заттардың жылжымалы түрлерінің көп мөлшері, көктемде жылжымалы NO3 құрамы – 11,2 мг/кг және күзде 5,4 мг/кг болса, жылжымалы фосфор Р2О5  құрамы, көктемде 32,3 мг/кг және күзде 19,1 мг/кг құрамында анықталды. Яғни дәстүрлі технологиямен салыстырғанда, жылжымалы NO3 құрамы, көктемде 25,0%-ға, күзде 37,3%-ға, ал жылжымалы фосфор Р2О5  құрамы көктемде 21,3%-ға, күзде 30,3%-ға жоғары болғаны анықталды.

6. Мақта өнімділігі бойынша ең жоғары нәтижелер, топырақты терең өңдеу мен лазермен тегістеу астарында биологиялық тыңайтқыштарды қолдану арқылы, орта есеппен 33,3 ц/га өнім алынды, бұл дәстүрлі мақта өсіру технологиясына қарағанда 7,2 центнерге жоғоры болды.

Зерттеу нәтижелері бойынша жалпы 28 ғылыми мақалалар және 7 мақала бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды:

- 8  (сегіз) ғылыми мақала нөлдік емес импакт-факторымен

 - 1 (бір)  мақала SCOPUS базасында;

- 13 ( он үш) мақала Республикалық ғылыми басылымдарда;

- 6 (алты) мақала Отандық рецензияланған ғылыми басылымдарда (БҒСБК-КОКСОН);

-   7 (жеті) мақала, бұқаралық ақпарат құралдарында;

 -  Патент «Топырақ агромелиорациясын қолдану арқылы мақта өсіру әдісі

- 3 (үш) Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін 3 тәжірибелік семинар өткізілді.

bottom of page