top of page
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ

«Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС

ТӘЖІРИБЕ СТАНЦИЯСЫНЫҢ  ДАМУ ТАРИХЫ

«Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС тарихы 1927 жылы 12 шілдеде Кеңестер одағының орталық атқару комитеті мен Халық комиссарлары Кеңесінің қаулысымен «Пахтаарал» кеңшарының аумағында суару тәжірибе станциясын құрудан басталды, ол бүкіл кеңшар аумағының топырағын зерттеумен, Мырзашөл өңірінің сортаңданған жерлерінде қоза баптаудың агротехникалық тәсілдерін әзірлеу және игерумен айналысты.

  • 1932 жыл. Суару тәжірибе станциясы Орта Азиялық ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қазақ Республикалық мақталық-жоңышқалық тәжірибе станциясы болып қайта құрылды.

  • 1951 жыл. Жерлерді игеру және Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа аудандардың ұйымдастырылуына байланысты (Ильич, Киров, Қызылқұм) тәжірибе станцияның қызметі кеңейтіліп, Ленин орденді Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Пахтаарал тәжірибелік аймақтық кешенді станциясы болып қайта құрылды.

  • 1959 жыл. Қазақ ауылшаруашылық Академиясының құрылуына байланысты тәжірибе станциясы Түркістанда және Капланбекте (Сарыағаш ауданы) екі тірек бөліміне ие Республикалық тәжірибе станциясы болып кеңейтілді және қайта құрылды.

  • 1970 жыл. Мақтаарал мақта шаруашылығы тәжірибе станциясы болып өзгерді.

  • 1997 жыл.  24-шілдедегі №1175 Үкімет қаулысына сәйкес «Мақтаарал мақта шаруашылығы тәжірибе станциясы» Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігіне қарасты Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы құрамына өтті.

  • 2002 жыл. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қарамағына өтті.

  • 2005 жыл. 22 қарашадағы № 1150 Үкімет Қаулысымен  Мақтаарал ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Оңтүстік-Батыс ауылшаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Республикалық Мемлекеттік кәсіпорынына қарасты  “Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” Еншілес Мемлекеттік кәсіпорыны  болып қайта  құрылды.

  • 2007 жыл.  2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес және  «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен «Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды.

  •  2008 жыл. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің шешімімен «Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып өзгертілді.

  • 2015 жыл. 2015 жылдың 18 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің шешіміне сәйкес «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты қайта құрылған «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрамына өтті.

  • 2020 жыл. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 5 мамырдағы «ҰАҒББО» КЕАҚ еншілес ұйымдарын оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» №10 хаттамасына сәйкес ««Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС атауын «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-не өзгерту туралы» шешім қабылданды. 2020 жылдың 21 тамызында «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС атауы «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС болып өзгертілді.

«Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас бөлімше (Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент қалашығы) және Шардара филиалынан (Түркістан облысы, Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылы) тұрады және мақта шаруашылығы, бақша өсіру мен көпжылдық өсімдіктер бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ тікелей мемлекеттік, қоғамдық құрылымдармен және республикамыздың мақта өсіруші агроқұрылымдарымен шұғыл байланыстарды жүзеге асырады.

bottom of page