top of page

Тағаев Асанбай Мамадалиұлы
Технологияларды трансферттеу және бейімдеу бөлімінің меңгерушісі.
Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты
1963 жылы 16 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Абай ауылында дүниеге келген.
Білімі: 1986 жылы Қазақ Мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының топырақ-агрохимия факультетін ғалым агроном мамандығымен тәмамдаған.
Еңбек жолы:
Өз еңбек жолын Мақтаарал мақта шаруашылығы ауылшаруашылық тәжірибе станциясының, бүгінде Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тыңайтқыштар бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып бастаған. 2007 жылдан топырақ мелиорациясы және мақта суғару бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды.
Зерттеу саласы – топырақ мелиорациясы, қарқынды және қысқа танапты мақта ауыспалы егістерін жетілдіру. Әзірлемелер дайындау бойынша мол тәжірибеге ие, 23 инновациялық патент иесі. 180 ғылыми еңбектің авторы.
bottom of page