top of page

Махмаджанов Сабир Партоұлы

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын трансферттеу және бейімдеу бөлімінің меңгерушісі

1969 жылы 11 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Ильич кентінде дүниеге келген.

 

Білімі: 1994 жылы К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылығы академиясын ғалым агроном мамандығымен тәмамдаған.

Еңбек жолы:

​Өз еңбек жолын Атакент кентінде бастаған. 1995 жылы мақта бригадирі болып жұмыс жасаған, 2000 жылы «Мақтаарал» АҚ мақта тазалау зауытында агроном, 2001 жылдан «Ақ-Алтын» АҚ мақта тазалау зауытында аға сараптаушы қызметтерін атқарған.

Мақта шаруашылығы ҒЗИ-да 2006 жылдан кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс жасаған, 2009 жылы мақта тұқымшылығы бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауыстырылды.

2018 жылы К.И.Скрябина атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінде 06.01.05 – тұқым шаруашылығы мамандығы саласында кандидаттық диссертациясын қорғады.

Зерттеу саласы – мақта қозасының, бақша дақылдарының – қауын және қарбыз, мал азықтық дақылдарының – жоңышқа селекциясы, тұқымшылығы. Әзірлемелер дайындау және оларды жүзеге асыру бойынша тәжірибесі мол, 9 инновациялық және селекциялық жетістік үшін 13 патент иесі. 200 ғылыми еңбек авторы.  

bottom of page