top of page

Биғараев Оразбек Қабылұлы

Басқарма Төрағасы орынбасары.
Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, АШҒА корреспондент-мүшесі.

1959 жылы 30 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Абай атындағы ұжымшарда дүниеге келген.

 

Білімі: 1987 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ауылшаруашылығы институтын тәмамдаған. 2004 жылы «Қазақстанның оңтүстігінде мақта-жоңышқа ауыспалы егісінде арамшөптермен күресудің тиімді шаралары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.

 Еңбек жолы:

​1987 жылы Жетісай қаласында АКТУ-37 оқу орнында оқытушы болып жұмыс жасаған. Сол жылдың тамыз айында Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына қарасты Пахтаарал тәжірибе станциясына – мелиорация және суландыру бөлімінің кіші ғылыми қызметкері болып ауысты. 1989 жылдан аға ғылыми қызметкер, 1990 жылдан – агротехника бөлімінің меңгерушісі, 1991 жылдан ғылыми хатшы, 1992 жылдан Пахтаарал тәжірибе станциясы директорының ғылыми істер бойынша орынбасары қызметтерін атқарды. 2006-2008 жылдар аралығында «Оңтүстік-батыс Ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы»  РМК қарасты «Мақта шаруашылығы ҒЗИ» ЕМК бас директорының ғылыми ғылыми істер бойынша орынбасары. 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР АШМ «КазАгроИнновация» АҚ «Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС бас директорының ғылыми істер бойынша орынбасары қызметін атқарып келеді.

                                     

Еңбектері мен жарияланымдары:  Қазақстан Республикасы мақта саласын дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша 230 дан астам ғылыми еңбектерін жариялаған. Қоза баптау технологиясы бойынша ғылыми жобалардың жетекшісі. Қазақстандағы мақта шаруашылығын дамытудағы көптеген өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар кітаптар мен ұсыныстардың бірлескен авторы. «Ауыл шаруашылығы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» 042 бағдарламасы бойынша 2001-2005; 2006-2008 жж.; 2009-2011 жж. және 2012-2015 жылдардағы мақта шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми еңбектер жинағын шығаруға жауапты болды.

Негізгі жетістіктері: Мақта қозасының отандық жоғары өнімді екі сорты ПА-3044, ПА-3031 сорттарының авторы, бұл сорттар өндіріске ендіріліп, бүгінде мақта егілетін алқаптың 85%-ында өсірілуде.

ҚР индустрия және жаңа технология министрлігі мен «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырған Республикалық өнертапқыштардың «Рационализатор.kz» республикалық байқауының 2012 жылғы жеңімпазы, 1-орын үшін берілетін арнайы диплом иегері.

2013 жылы Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

Бүгінде өндірісте табысты қолданылып келе жатқан 35 инновациялық патент және пайдалы үлгі үшін патенттер авторы.    

 

Марапаттары:

 Аудан Әкімшілігі және облыстық мәслихаттың алғысхаттарымен марапатталды.

  «Мақта қозасының отандық, бәсекеге қабілетті жаңа сорттарын шығару, оларды өсіріп баптау технологияларын әзірлеу және өндіріске кеңінен ендіру» аграрлық ғылым саласындағы үздік ғылыми зерттеулері мен еңбектері үшін І-дәрежелі А.И.Бараев атындағы сыйлық иегері.

bottom of page